Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Р.Қ. балық шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша Тасарал ауылдық елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді

22.01.2020 0

ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлының ағымдағы жылдың қаңтар айында Қарағанды облысына жұмыс іс-сапары аясында, Ақтоғай ауданының Тасарал елді мекенінде кездесу аясында жергілікті тұрғындар балық шаруашылық соның ішінде тендерді уақытында өткізу мәселесі туралы көтерген болатын.

Осыған байланысты, көтерілген мәселеге қатысты ү.ж. 22 қаңтарында Сенат ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлының төрағалығымен Тасарал ауылдық елді мекенінің тұрғындары Е. Ажкенов пен А Шөженовтың және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Жүнісов Нариман Талғатұлының қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Сенат депутаты еліміздің ауыл шаруашылығын қолдау бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларын түсіндіре отырып, балық аулаудың жаңа ережесі бекітілетіндігі туралы мәлімдеп, осы аталған мәселе бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Жүнісов Нариман Талғатұлына бақылауда ұстауды сұрады.

Бөлісу