Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТОРЫ ЖАҢААРҚАДА

06.05.2021 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров өңірлерге жұмыс сапары аясында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына келді. Сенат депутаты алдымен аудандық орталық аурухана медициналық мекеменің жай-күйімен танысты.

        Аудан  әкімі Ю.Бекқожин, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Имантүсіпов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Рыспеков және жергілікті мәслихат депутаттарымен кездескен Сенат депутаты өңірді дамыту жоспарын талқылады. Сенатор пандемиямен күрес, ауруханаларды, провизорлық орталықтарды және дәріхана желілерін COVID-19 індетіне қарсы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету әлі де болса маңызды міндет екенін атап өтті. Сенатор ауданымыздағы сапарында медицина қызметкерлерімен де кездесті. Дәрігерлер коронавирус індетіне қатысты жергілікті жағдайды баяндап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және аурудың қайта өршіп кетуінің алдын алуға арналған шаралар жөнінде айтты. Өз кезегінде сенатор індет кезінде жанкештілік танытып, халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

      Сенатор сапарының соңында аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық мәслихат депутаттары, атқарушы билік органдарының өкілдерімен кездесу өтті. Рысқали Қалиақбарұлы Әбдікеров өз сөзінің басында аудандық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттарын құттықтап, өкілетті органдар қызметінің негізгі қағидаттары мен жаңа әдістеріне тоқталды.

- Сіздер алғаш рет партиялық тізімдер бойынша сайландыңыздар, бұл демократияның негізгі принциптерінің көрінісі болып табылады, бұдан әрі екі облыстық депутатқа өз өкілеттігін жұмыстан босатылып орындау мүмкіндігін, мәслихат хатшыларына сессияларда тұрақты төрағалық ету өкілеттігін беру қарастырылады, - деді сенатор.

Бұдан әрі Рысқали Әбдікеров ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының мүмкіндіктерін аша отырып, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын кеңінен пайдалану, халықты мемлекетті басқаруға белсенді тарту қажеттігін атап өтті. Ашықтық пен айқындық барлық мемлекеттік өкілетті және атқарушы органдар қызметінің басты өлшемдеріне, ал фронт - офистер, ашық бюджеттер, онлайн сессиялар оларды жүзеге асырудың құралдарына айналуға тиіс.

         Депутаттар  өз кезегінде сенатордың алдына Жаңаарқа кентіндегі өзекті мәселелерді айтты.  Атап айтқанда, ауданымыз өсіп-дамып келе жатқандықтан жаңадан «Жаңа Нұр» ықшам ауданы қалыптасты. Ол жерде көп балалы отбасылар, мүгедектер, толық емес отбасылар қоныстанған. Сол жерге спорт-сауықтыру комплексі салынса деп сметалық- құжаттамаларын дайындап қойғандарын жеткізді. Осы мәселеге байланысты сенаторға бюджеттен қаржы бөлуге ықпал жасауына аудандық мәслихат депутаттары жазбаша түрде депутаттық сауал берді.

Айтылған мәселе бойынша Сенатор егжей-тегжейлі зерделеп қарағаннан кейін жазбаша жауап беруге уәде берді.

Кездесу соңында аудандық мәслихат хатшысы  Қуат Имантүсіпов                                 ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеровке Жаңаарқа өңіріне келіп, мазмұнды кездесу өткізгені үшін алғыс білдірді және Қазақстан халқының игілігі жолындағы маңызды миссиясын орындауда табыс тіледі.

Кездесуге 15 адам қатысты, іс-шара карантиндік талаптарды сақтай отырып өтті.

Бөлісу