Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын қарастыру бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

15.09.2021 0

«Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық  тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау  жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша 

                                             

БАЯНДАМА

 

               Құрметті Төраға, құрметті әріптестер!

                                              

Бүгінгі қаралып отырған Заң жобасы бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар                вице-министрі ӘЛИЯ ЛАЗАРЕВНА толық баяндап берді.

2018 жылғы 20 шілдеде Мәскеуде Әзірбайжан, Иран, Қазақстан Республикалары, Ресей Федерациясы және Түрікменстан қол қойған трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы Хаттаманы, бүгінгі танда үш мемлекет ратификациялады және Иран ратификациялау процесінде.

Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының қолдауымен дайындалған 2003 жылғы                                 4 қарашадағы Каспий теңізінің теңіз ортасын корғау жөніндегі негіздемелік Конвенцияның                   3-бабына сәйкес әзірленді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған негіздемелік конвенцияға 5 хаттама әзірленіп, оның ішінде 4 хаттамаға қол қойылды және                       1 хаттама келісу сатысында:

Хаттаманың тұжырымдары, ең алдымен, экологиялық салдарға оң әсерін тигізеді, өйткені оны қабылдау Каспий аймағындағы экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

     Осыған орай заң  жобасы заңды, уақтылы және негізді халықаралық құжат болып табылады.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланып, зерделенді. Туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алынды. Оның үстіне көтерілген сұрақтар бойынша жауаптар жазбаша түрде де ұсынылып отыр.

Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес ратификациялауға жатады.

Осы айтылғандарды ескере келе, құрметті әріптестер, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға Рақмет!

Бөлісу