Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Р. Қ. Әбдікеров Қарағанды техникалық университетіне Абылқас Сағынов атын беруге орайластырылған салтанатты іс-шараға қатысты

18.03.2022 0

А.ж. 18 наурызда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Р. Қ. Әбдікеров Қарағанды техникалық университетіне Абылқас Сағынов атын беруге орайластырылған салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шараларға сондай-ақ академик Сағынов А.С. туыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ЖАО өкілдері, ЖОО ректорлары, Директорлар кеңесінің мүшелері мен университет ардагерлері, көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Сенатор Рысқали Әбдікеров жоғары оқу орнына құттықтау сөз сөйледі.

Ғылыми кеңестің отырысы барысында бейнефильм көрсетіліп, университет атына келіп түскен ҚР Ұлттық Ғылым Академиясынан, ҚР Ішкі істер министрлігінен, QS халықаралық рейтинг агенттігінен, шетелдік және отандық жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-дан, қоғамдық ұйымдардан 150-ден астам құттықтау жеделхаттары мен құттықтаулары ұсынылды.
Бөлісу