Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат Отырысында «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қолдау сөз

21.02.2019 0

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі таңда, біздің елдің азаматтарының басқа елдерге кедергісіз шығуы және басқа мемлекеттер азаматтарының біздің елге келуі қалыпты жағдайға айналған.

Қазақстан мен  Иордания  елдерінің арасында да осындай қарым-қатынас орнығуда. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың түрлі салаларда жан-жақты дамуына байланысты тараптар азаматтарының да өзара іссапарлары соңғы кезде көбеюде. Мәселен, Ұлттық Экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылы 616 иордан азаматтары Қазақстанға келсе, ал 200-ге жуық Қазақстан азаматтары  Иорданияда болған.  Сондықтан ол азаматтардың тарапынан қылмыс жасау мүмкіндігін де  жоққа шығара алмаймыз.

2005 жылғы 30 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңына байланысты, талқыланып отырған Келісім - бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өзінің қоғамдық ортасында өтеу үшін - өз азаматы болып табылатын мемлекетке сотталған адамды беру мүмкіндігіне байланысты мәселелерді реттейді және ізгілік сипатқа ие. Шартты жасау арқылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған біздің азаматтарымызға  жазасын өз отанында өтеуге, қоғамға қайта бейімделуге, қосымша психологиялық қысымды азайтуға және олардың туыстарымен заңда белгіленген тәртіп бойынша кездесуге мүмкіндік беріледі.

Осы тұрғыда Келісімді ратификациялау Казақстан Республикасы мен Иордан Хашмит Корольдігі  арасындағы қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ екі елдің азаматтарының негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде әріптестерімді  осы заң жобасын қолдауға шақырамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу