Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Встреча с НПО 21.06.2019г.

21.06.2019 0

 

 

 

                                                                                      Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі

   Б.Ә. САҒЫНТАЕВҚА

 

                                                                                   

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 

  Депутаттық сауал еліміздің су қоймаларында кәмелетке толмаған балаларымыздың өлім санының өсуіне қатысты.

  Қазақстанда су қоймаларының жанында орналасқан 690 жағажай мен      115 балалар лагері бар.

   Соңғы үш жылда 1375 адам суға батып, соның ішінде 401 кәмелетке толмаған балалар болды. Аталған оқиғаларды талдау барысында, қайтыс болғандардың 80% -ы ауылдық жерлерде орын алған.

  Кәмелетке толмағандардың қайтыс болуының негізгі себептері:

  - судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстардың жеткіліксіздігі;

  -   балаларды ересектердің қадағалауынсыз тастауы;

  - суару ағындарын, каналдарды, септиктерді, су қоймаларын жеткілікті қауіпсіздікті қамтамасыз етпей құру.

  Жоғарыда аталған себептер бойынша өткен жылы 29 бала қайтыс болды (арықтарда - 11, суаруға арналған резервуарларда - 10, септиктер мен құдықтарда - 5, бассейндерде - 3).

  Өткен жылы ғана, Алматы облысында бір мезгілде бір жанұядан үш бала суға батқан қайғылы оқиға болды (2, 3 және 5 жастағы бүлдіршіндер). Олар үйінен 300 метр жерде орналасқан суару арығына ойын кезінде абайсыздықтан құлап кеткен болатын.

  Екі күн бұрын, 19 маусымда Шымкент қаласының аквопаргінде             14 жасар бала болар-болмастан суға батып кетер жаздады.

  Өкінішке орай, балаларды қараусыз қалдыру фактілері сирек емес.

  Осы депутаттық сауалдың себебтерінің бірі, жазғы демалыстарда біздің балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдаушылықтың болуы.

  Статистикаға жүгінсек, ағымдағы жылдың 6 айы ішінде  шомылу маусымы басталмас бұрын, 15 бала суға батып кетті (олардың 13-і - балалар ересектердің қадағалауынсыз қалдырғанына байланысты).

  Бұл мәселе билік тарапынан назар аударуды талап етеді.

  Жоғарыда айтылғандардың негізінде еліміздің су қоймаларында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі ақпаратты ұсыңуыңызды сұраймыз:

  - су объектілеріндегі кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданатын алдын алу шаралары туралы;

  -  аудандық және ауылдық әкімдіктердің судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы (судағы адамдардың өлімінің көп бөлігі ауылдық жерлерде тіркелгендіктен);

  - жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы және Судағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтамағаны мен бұзған және Суды пайдаланудың жалпы ережелерін бұзғаны үшін (тыйым салынған жерлерде шомылу) Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң баптарына сәйкес жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы ақпарат беруді сұраймыз.

   «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалды қарау нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.

 

 

                Құрметпен,

С. АЙТПАЕВА

Бөлісу