Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат отырысында Баяндама 5.10.2017ж.

06.10.2017 0

         Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы,

құрметті әріптестер!

 

 «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасын уәкілетті орган –Бас прокуратурасы ұсынған.                

Шарт егемендікті құрметтеу, теңдік, өзара тиімділік негізінде  қылмыстылыққа қарсы күрес саласындағы Тараптардың тиімді іс-қимылына ықпал етуге ниет білдіре отырып, қылмыстық істерді тергеу мен қарау кезінде өздерінің құзыретті орталық органдарына екіжақты көмек көрсету үшін арналған.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сербия экономиканың түрлі салаларындағы: мәселен медицина, білім беру, туризм, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы, инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатындағы серіктестікте де ынтымақтастық аясын кеңейте түсуде.

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек қылмыстық процесті жүргізуші мемлекеттік органдардың шетелдік мемлекеттердің құзыретті мекемелері мен лауазымды тұлғаларының ынтымақтастығының өте тиімді түрі болып табылады.  

Осы Заңының жобасын қабылдау тиімді, яғни ол елдер арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек мәселелері жөнінде келісілген бірыңғай саясатты тұжырымдауға мүмкіндік береді. Қылмыстылыққа қарсы күрес пен жазаларды орындау саласындағы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық тиімділігін көтереді.

Заң жобасын қабылдаудың уақтылылығы Қазақстан еуропалық мемлекеттерімен мемлекетаралық байланыстардың нығаю фактісімен расталады. Ол осы елдерде түрлі мақсаттармен болатын қазақстандық азаматтар санының және Қазақстан аумағында орналасқан еуропалық мемлекеттер азаматтардың санының өсуіне әкеп соғады. Сонымен бірге, осындай азаматтардың кейбіреулері түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жаутылыққа, соның ішінде, бас бостандығынан айырумен байланысты жазаларға тартылады. Аталған жағдайлар, заң жобасының қабылдауының қажеттілігін көрсетеді.

Тұтастай алғанда «Қазақстан Республиқасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы  заңды, уақытылы, және дәйекті болып табылады.

 

 

 

Шарт Қазақстан Республиқасы Конституциясымен кепілдік берілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзбайды, сонымен қатар, елімізге үшін  жағымды құқықтық салдар туындатады.                       

Құрметті депуттар аталған Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

 

  Назарларыңызға рахмет.

Бөлісу