Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Шымкент қаласына іс сапары

21.08.2020 0

2020 жылдың 21 тамызында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі Шымкент қаласында салынып жатқан 8000 орынды жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Кездесу барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдурахманов пен алып құрылысқа жауапты Смат Саухатов жүргізіліп жатқан мешіттің құрылысын таныстырды.

Жаңа мешіт қаланың «Нұрсат» шағынауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі – 12,0058 га. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0 м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6 м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8 метр.

Сондай-ақ бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен құдайы ас өткізетін асхана, екі қабаттан тұратын автотұрақ, субұрқақтар, фитнес орталық орналасады деп жоспарлануда.

Бөлісу