Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қарағанды облысына іс сапары

25.09.2020 0

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Қарағанды облысындағы кәсіпкерлерімен кездесті.

Жүздесуде қазіргі кезде орын алған проблемалар туралы айтылды. Кәсіпорын иелері депутаттармен кездесуде тауарларға ілеспе құжаттар мен басқа да көптеген қағаздарға байланысты шағын бизнес қосымша шығындарға ұшырап келе жатқанын хабардар етті.

Сенаторлар сонымен қатар аймақтағы бірқатар ірі өнеркәсіп орындарын аралады. Патрон зауытында парламентшілерге бірінші кезекте биылғы жылы іске қосылған тапаншаларға арналған оқ өндірісі көрсетілді. Кәсіпорында жыл соңына қарай екінші кезек – "Автоматты желіні" іске қосу жоспарлануда. Бұл өндіріске 28 миллиардтан астам теңге инвестицияланды.

Депутаттар Қазақстандағы ескі автомобильдерді кәдеге жарату жөніндегі алғашқы зауытта және арматура мен өзге де құрылыс материалдары өндірісінде де болды. Ферроқорытпа зауытында елордалық делегацияға өндірістегі жаңалықтар көрсетілді. Қазіргі заманғы технологиялар Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка нарықтарында үлкен сұранысқа ие ферросилиций мен ферромарганецті шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт 1 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және дамыту үшін ҚР Үкіметіне ұсыныстар әзірлеуге ниеттеніп отыр.

Бөлісу