Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Түркістан облысы Түркістан қаласына іс сапары

30.12.2020 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы 30 желтоқсан күні Түркістан қаласына арнайы іс-сапармен келді.

Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлымен және Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарымен кездесіп, кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты атынан арнайы Құрмет грамотасын табыстады.  

Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлымен және облыстық мәслихат депутаттары Жүсіпбаев Үмбет Әбілдаұлы мен Чалданов Зуппархан Субатұлымен кездесіп, еліміздің дамуы, қоғамдағы саяси маңызды мәселелер туралы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы ой қозғады.

Кездесу барысында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар шараларды республика деңгейінде шешуге қолдау білдіру туралы ұсынысын жеткізді.

Бөлісу