Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Түркістан облысы Жетісай ауданына іс сапары

05.01.2021 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы Жетісай ауданында бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, «Ақ-Алтын» мақта өңдеу зауытының және «Медет» сүт өңдеу цехының жұмысшыларымен кездесті.

Кездесу барысында өнеркәсіп орындарының қызметімен танысты. Бүгінде «Ақ-Алтын» мақта өңдейтін зауытының еліміздегі мақта кәсібін өркендетуге, ал, «Медет» сүт өңдеу цехы күніне 3-5 тонна аралығында сүтті өңдеп, одан ірімшік, қаймақ, айран, сияқты 20 түрлі өнім өндіріп, жалпы облыстың, оның ішінде ауданның әлеуметтік-экономикасының дамуына мол үлестерін қосып отыр.

Сонымен қатар, «Компания Кади» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Жетісай ауданындағы осы мекемелердің жұмысшыларымен кездесіп, жұмысшалардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс және пікірлерін тыңдады.

Бөлісу