Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Түркістан облысы Отырар ауданына іс сапары

05.02.2021 0

2021 жылғы 5 ақпанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы, Түркістан облысы Отырар ауданына іс-сапармен барды.

Сапар барысында Отырар аудандық мәслихаты депутаттарымен кездесіп, аудан әкімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары мен 2021 жылға жоспарлары бойынша аудан тұрғындарымен қорытынды есебіне қатысты.

Кездесуде «2020 жыл Отырар өңіріне алғашқы көгілдір отын – газ келуімен тарихта қалып отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сонау Батыс Қазақстандағы газды Оңтүстікке қарай бұру жөнінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын тарту туралы тарихи шешім қабылдады. Сол тарихи шешімнің арқасында газ қазір Оңтүстік өңірі емес, сонау Сарыарқаның төрі Нұр-Сұлтан қаласына жетіп отыр. Биылғы жылы осы Отырар ауданында, аудан әкімі есебінде айтқандай, 23 елдімекен газбен қамтамассыз етіледі деп отырмыз. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік,  спорт және денсаулық сақтау салалары бойынша аудан әкімі толық жауап берді деп есептеймін, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Жалпы Отырарлықтарға жақсылықтар, табыстар тілейміз «Тату елдің тойы көп» дейді, аманшылық, еліміз дами берсін» -деді.

Бөлісу