Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»

13.03.2019 0

«Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»

 

Құрметті Ерболат Рахметұлы!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

Заң жобасы бойынша баяндамашы толығымен айтып кетті.

Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы кылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттың ережелеріне және ұлттық заңнамаға сәйкес шарт жасаушы мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Осы шарт ережелерінің Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының колданыстағы заңдарына және халықаралық құқықтық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізіліп, жан-жақты талқыланды.

Заң жобасының қорытындысын бас комитеттің қарауына өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

Бөлісу