Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қылышбаев Н.Н. Алматы обылысы Жамбыл ауданы активімен кездесті.

02.04.2018 0

Құрметті жерлестер!

Құметті кездесуге қатысушылар!

 

Мемлекет басшысының 2018 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасының бірлескен отырысында халыққа Үндеуінде әр бір қазақстандық үшін ең өзекті мәселелерді шешге бағытталған бес жаңа ауқымды әлеуметтік жобаларды жария етті.

Мәселең, «7-20-25» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде көптеген отбасыларға баспаналы болуға мүмкіндік бермек.

Жеке тұрғын үй салып алу әрбір адамның өміріндегі негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Алайда осы мәселені дербес шешу әр адамның қолынан келе бермейді.

 Көптеген жас отбасылар үшін пәтерге ие болу қол жеткізбес арман болып қала беруде. Осыған орай жас отбасылар көбінесе ата-анасымен бірге тұруға немесе үй жалдап тұруға мәжбүр.

Бүгін  Қазақстан Республикасында тұрғын үйдің қол жетімділігін арттыруға бағыталған өзекті бағдарлама «Нұрлы жер тұрғын үй бағдарламасы» болып отыр.

«Әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» әлуметтік бастамасы аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс жасайтын азаматтардың басым бөлігін қолжетімді тұрғын үй ипотекасымен қамтамасыз етуге бағытталған «7-20-25 әрбір отбасына баспана алуға жаңа мүмкіндіктер» бағдарламасын ұсынады. Бұл бастаманы іске асырушылар және негізгі орындаушылар  Ұлттық Банк, Инвестициялар және даму министірлігі болып табылады.

«7-20-25» бағдарламасының аясында әрбір жұмыс істейтін қазақстандық азамат келесі шарттар бойынша теңгемен ипотекалық несие алу мүмкіндіктеріне ие болады.

-       Несие бойынша сый ақы мөлшерлемесі – жылына 7 пайыздан аспайды;

-       Бастапқы жарна – 20 пайыздан аспайды;

-       Несие мерзімі – 25 жылға дейін;

Сондай-ақ несие берудің ең көп мөлшері анықталады. Мысалы, егер несие сомасы 20 млн. тенге болса, ипотека алушыға жүктеме айына шамамен 140 мың тенге құрайды.

Әдетте, тұрғын үйдің бағасы төмен болатын өңірлерде несие сомасы 7 млн.теңге құрауы мүмкін. Осыған орай алушыға жүктеме айына 50 мың тенге болады және бұл көптеген адамдар үшін қолжетімді.

 

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту»

 

Президент атап өткендей, «Шағын несие беруді көбейту өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар арасында жаппай кәсіпкерліктің дамытудың ең тиімді механизімі» болып табылады.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жеңілдіктер шарттарымен шағын несие беру көзделген. Несие мөлшері – 8 млн.тенге,  берілетін мерзім – 5  жыл, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – 7 жылға дейн, сыйақы мөлшерлемесі жылдық – 6 пайызды құрайды.

Мемлекет басшысы 2018 жылды қосымша 20 млн.тенге бөліп, шағын несиенің жалпы сомасы 62 млрд.теңгеге жеткізуді тапсырды. Нәтежесінде, берілген шағын несиелердің саны 2017 жылмен салыстырғанда екі есе өсті.

Қосымша бөлінген 20 млрд.теңгеден ауылдар мен шағын қалаларды несиелендіруге шамамен 14 млрд.теңге бөлу көзделді.

Түпкілікті тұтынушыларға дейн шағын несиені берк механизімі әзірленді. Соған сәйкес қалаларда және мона қалаларда – шағын несиелер банктер арқылы, ал ауылды елді мекендерде – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, сондай-ақ шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестіктері арқылы беріледі.

 

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Бөлісу