Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы»

10.12.2020 0

«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға  қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы»

 

«Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы»

 

 

Біз қарастырып отырған заң жобалары Қазақстан Республикасы үшін СOVID-19 пандемиясының теріс салдарын барынша азайтуға бағытталған шараларды қаржыландыруға жұмсалатын болады.

Азия Даму Банкі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Қазақстанға жеңілдікті шарттармен қарыз бергенін атап өткен жөн, бұл Қазақстанға деген сенімді білдіреді.

Азия Даму Банкі тарапынан осындай сенімді қарым-қатынас көп жылғы тығыз ынтымақтастықтың жемісі болып табылады, соның нәтижесінде бірқатар жобалар іске асырылды.

Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен 2016 жылдан бастап ынтымақтасып келеді, алайда ынтымақтастықтың оң тәжірибесі де бар.

Беделді халықаралық қаржы институттарымен жақсы серіктестік қатынастар әлемдік қоғамдастық алдында Қазақстанның имиджіне оң әсер етеді деп санаймын.

Сондықтан Қазақстанға берілген қарыздар қазіргі жағдайда өте қажет және уақтылы.

Құрметті әріптестер!

Осы Заң жобалары Комитеттің барлық тиісті отырыстарында қаралды.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен бұл Заң жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, Қаржы және бюджет комитеті Заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының            61-бабы 4-тармағына сәйкес қабылдауды ұсынады.

 

 

Бөлісу