Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді

30.12.2020 0

 

Үстіміздегі жылдың 30 желтоқсанында Сенат депутаттары С.М.Дүйсембінов, Н.Н.Қылышбаев Алматы облысына қызметтік іс-сапармен барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.

Қаратал ауданына ат басын тіреген депутаттар пандемия кезіндегі ауданның тыныс-тіршілігіне, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуына, жалпы аудандағы жаңадан салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысына, оқу нысандарының құрылысына, даярлығына көңіл бөлді. 

Атап айтқанда, Елтай  ауылдық округіндегі «Су бөгетіннің» құрылысымен, аудан орталығында орналасқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары барысымен танысып, аудан әкіміне құрылыс жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес және сапалы жүргізілуін қатаң бақылауға алу қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, Бастөбе ауылдық округінде орналасқан Бастөбе сервистік колледжі жатақханасының аяқталған құрылысымен танысып, жатақхананы аралады.

Шара соңында аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаев жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, 2021 жылға арналған жобалармен таныстырды.

 

 

Бөлісу