Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысына қатысты.

12.06.2018 0

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

2018 жылғы 12 маусым 11 – 00 сағат

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті кеңейтілген отырысын өткізіп, онда келесі мәселе қаралды:

1.    «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

Баяндамашы: Ильин Юрий Викторович – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Қосымша баяндамашы: Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы – Комитет мүшесі

Қабылданған шешім: Сенат отырысының қарауына енгізу.

 


 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

2018 жылғы 12 маусым 11 – 30 сағат

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысын өткізіп, онда келесі мәселелер қаралды:

1. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы: Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қосымша баяндамашы: Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы – Комитет мүшесі

Қабылданған шешім: Комитет қаралып жатқан Заң жобаларың талқылап, Бас комитетке өзінің ұсынымдарын жіберді.

 

2. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Баяндамашы: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы –Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қосымша баяндамашы: Мұқашев Төлебек Төлеуұлы – Комитет хатшысы

Қабылданған шешім: Комитет қаралып жатқан Заң жобаларың талқылап, Бас комитетке өзінің ұсынымдарын жіберді.

 

3.    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы –Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қосымша баяндамашы: Мұқашев Төлебек Төлеуұлы – Комитет хатшысы

Қабылданған шешім: Комитет қаралып жатқан Заң жобаларың талқылап, Бас комитетке өзінің ұсынымдарын жіберді.

4.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы: Тоқтабаев Тимур Серікұлы – Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі

Қосымша баяндамашы: Джақсыбеков Серік Рыскелдіұлы – Комитет мүшесі

Қабылданған шешім: Комитет қаралып жатқан Заң жобаларың талқылап, Бас комитетке өзінің ұсынымдарын жіберді.

 

5.    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

Баяндамашы: Асылова Бибігүл Амангелдіқызы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Қосымша баяндамашы: Мұқашев Төлебек Төлеуұлы – Комитет хатшысы

Қабылданған шешім: Комитет қаралып жатқан Заң жобаларың талқылап, Бас комитетке өзінің ұсынымдарын жіберді.

(Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті)

Бөлісу