Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2019 жылғы 29 қаңтарда Комитеттің отырысында баяндама жасап, «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ескертулерсіз Бас комитетке жіберу туралы ұсыныс айтты.

29.01.2019 0

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

2019 жылғы 29 қаңтар 11 – 00 сағат

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті кеңейтілген отырысын өткізіп, онда келесі мәселе қаралды:

1. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  жобасы жөнінде.

Баяндамашы: Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары

Қосымша баяндамашы: Құл-Мухаммед Мұхтар Абрарұлы – Комитет мүшесі

 

Қабылданған шешім: Сенат отырысының қарауына енгізу.

 

2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Баяндамашы: Ділманов Дархан Айтқалиұлы – Қазақстан  Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры

Қосымша баяндамашы: Джақсыбеков Серік Рыскелдіұлы – Комитет  мүшесі

Қабылданған шешім: Сенат отырысының қарауына енгізу.

 

 

 

 

(Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті)

 

Бөлісу