Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты және ғаыршкер Т. Мұсабаев 2019 жылғы 17-19 наурызда Қызылорда қаласында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» IX Наурыз кездесулерге қатысты.

19.03.2019 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты және ғаыршкер Т. Мұсабаев 2019 жылғы 17-19 наурызда Қызылорда қаласында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» IX Наурыз кездесулерге қатысты. Сондай-ақ, SpaceX және NASA ғарыш ұйымдарының ғылыми қызметкерлері қатысты. Дәстүрлі Наурыз оқуларына бүкіл Қазақстан бойынша 200-ге жуық оқушы жиналған.

17-19 наурыз аралығында Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында IX Наурыз кездесулері өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев шара қонақтарымен кездесіп, оқушыларға ғылым мен техникада үлкен жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, кездесу барысында ғарышкерлер - Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов, SpaceX пен NASA-ның тәуекел және қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Майкл Лутомски, NASA-ның ғылыми қызметкері Парвин Пратапан, Еуропалық ғарыш агенттігі, Еуропалық астронавтар орталығының ғылыми кеңесшісі Игорь Дроздовский, Хайдельберг университетінің астрономия орталығы, астрономиялық есептеу институтының ғылыми қызметкері Бекдәулет Шүкірғалиев, сондай-ақ, ғарыш және жаңа технологиялар саласындағы басқа да ғалымдар сөз сөйледі.

Шараның үш күндік бағдарламасы аясында спорттық және зияткерлік ойындар, ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

 

 

Бөлісу