Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы

29.01.2019 0

Келісімге 2017 жылғы 1 қарашада Астанада қол қойылған.

Осы Келісім үлгілі болып табылады. Бұндай екіжақты шарттар 25 елмен жасалған (АҚШ, БАӘ, Болгария, Бразилия, Вьетнам, Испания, Италия, Канада, Қытай, Монако, Оңтүстік және Солтүстік Корея, Мажарстан, Монғолия, Пәкістан, Түркия, Литва, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Чехия, Румыния, Үндістан, Ұлыбритания және Сербия).

Ұсынып отырған Келісім күдіктілердің және айыпталушылардың кінәсін дәлелдеу үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізуді көздейді.

Келісімде құқықтық көмек қандай жағдайларда және қандай тәртіпте көрсетілетіні мен одан бас тарту негіздері анықталған.

«Халықаралық шарттары туралы» Заңға сәйкес Келісім ратификациялауға жатады.

Келісімді ратификациялау әлеуметтік, экономикалық және саяси теріс салдары әкелмейді. Республикалық бюджеттен қосымша қаржыны талап етпейді.

 

Бөлісу