Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы

08.04.2019 0

Келісімге 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының 2018 жылғы 27 қарашадағы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында және Тәжікстандық Тараптың сұрауымен қол қойылды.

Келісім тәжікстандық Тарапқа әскери мүлікті, атап айтқанда оқ-дәрілерді, авиациялық зақымдау құралдарын, артиллериялық аспаптарды, РХБ (радиациялық, химиялық және биологиялық) қорғаныс мүлкі, тылдық және медициналық мүлікті бір реттік беруді көздейді.

Келісім бойынша берілетін мүліктің жалпы құны –                                                          2 миллиард 646 милллион 205 мың теңгені құрайды.

Әскери мүлікті берудің алдында Тәжікстаннан Соңғы пайдаланушының сертификаты сұратылады, ол алынған мүлікті үшінші елдерге бермеуді қарастыратын міндеттеме болып табылады.

Бөлісу