Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматы облысында жұмыс сапарымен жүр

10.01.2020 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматы облысында жұмыс сапарымен жүр. Сенаторлар Алматы облысының Жамбыл ауданында болды.

Депутаттар Жамбыл ауданының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру және шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері көтерілді. Сенаторлар проблемалық мәселелер атқарушы органдардың назарына жеткізіліп, жеке бақылауға алынатынын атап өтті.

Сонымен қатар депутаттар Ақтерек ауылындағы жаңа көпір құрылысымен танысты. Сапар аясында олар Жамбыл, Қарақыстақ, Аққайнар, Шиен, Дегерес елді мекендеріне барды.

Бөлісу