Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

20 тамызда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматы облысы, Іле ауданында іс-сапармен болды.

20.08.2020 0

Ү.ж. 20 тамызда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.Жүсіп пен Д. Нөкетаева Алматы облысы, Іле ауданында іс-сапармен болып қайтты. Депутаттар пандемия кезіндегі ауданныңтыныс-тіршілігіне, «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуына, жалпы аудандағы жаңадан салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысына, жаңа оқу жылына деген орта мектептердің даярлығына көңіл бөлді. 

Ең алдымен Сенаторлар аудан орталығында «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан спорт кешеніне келді. Қазір аудан орталығындағы жасөспірімдер мен балалар спорт кешені күрделі жөндеуден кейін жанға қуаныш сыйлап, түрленген. Үлкен спорт залы, боксер залы өңделіп, сырланған. Ал, даладағы футбол стадионы мен жанынан салынған воркаут алаңы заманауи жаттықтыру құралдармен жабдықталған. Сенат депутаттары өздері де барып, әрқайсысына сынама жаттығуларын жасап көріп, сапасына оң баға берді. Орталық арбатты да аралап шығып, демалыс орындарының дизайны мен абаттандыру жұмыстарына таңдай қағысты. Одан кейін Өтеген батыр ауылының ішкі жолдары мен көше жарықтандыруы бойынша тексеру жүргізді. Энергетик округінің әкімі Б. Ақжолұлының айтуынша, биыл саламыз деп жоспарланған ауылішілік 12 шақырым жолдың 7 шақырымы еңсерілген. Жалпы округ бойынша осы жылға «Жол картасы-2020» бойынша 18 жоба қарастырылған. Оның ішінде 4 ауыз су, 1 кәріз құрылысы, ағымдағы жөндеу бойынша жоғарыда аталған спорт кешені, 10 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу, 1 көшені жарықтандыру, желі тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде деп отыр.

  Округтің хал-ахуалын барлаған сенат депутаттары «7-20-25» пен «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған көппәтерлі үйдің сапасын көріп шықты. Жақында елдің игілігіне берілетін көпқабатты үйдің пәтерлері талан-таражға түспей нақты мұқтаж отбасына берілуін қадағала деп, жауапты мамандарға тапсырма берді.  

Сенаторлар Жетіген ауылындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан №11 орта мектеп пен М. Түймебаев ауылындағы №19 орта мектептің жанынан салынған жапсырма құрлысының жағдайымен танысты. Бұл ретте сенат депутаттары құрылыс басшыларына сұрақтар қойып, құрылыстың сапасы және балаларға қандай жағдай жасалып жатқанын бақылап, мәлімет алды.

Сонымен қатар, аудан активімен кездесу барысында Сенатор Жүсіп Нұртөре коронавируспен күреске де ерекше назар аударды. «Денсаулық сақтау министрлігінің болжамдарын ескере отырып, біздің еліміз күзде пандемияның екінші толқынын бастан кешуде. Осыған байланысты біз барлығымыз оған дайын болуымыз керек, оқиғалардың қайғылы нәтижесіне жол бермеу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауымыз керек. Сондай-ақ, депутат пандемияға қарсы күреске мемлекет тарапынан орасан зор бюджеттік қаражат бөлінетінін және жергілікті атқарушы органдар қаражатты жұмсаудың мақсатты бағытын бақылауы тиіс екенін атап өтті. Азық-түлік, дәрі-дәрмек және қорғаныс құралдарының бағаларын бақылауды қамтамасыз ету қажет» – деп айтты Динар Нөкетаева.

Бөлісу