Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А.ж. 6 қаңтарында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп және Динар Нөкетаева Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада болды.

06.01.2021 0

Алматы қаласындағы сапар аясында Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп және Динар Нөкетаева Ұлттық кітапханада болды.

Сенаторлар кітапхана тарихы мен қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, осындағы рухани орталықтарда болды. Атап айтқанда, Әлем әдебиеті оқу залында шет елдеркітабының орталығы болса, былтыр республика және халықаралық деңгейде кеңінен аталып өткен ұлы тұлғалар Абай мен әл-Фарабидің мерейтойлары аясында Абай әдеби орталығы мен әл-Фараби ғылыми орталығы ашылған болатын.

Депутаттар кітапханадағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі мен қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жұмыстарына аса назар аударды. Сирек қорда сақталған көне жәдігерлермен, бірегей қолжазбалар, соның ішінде  XII,  XVIII, XIX ғасырда жарық көрген Құран кітабы және басқа да шығыс қолжазбалары топтамасымен танысты. Сенаторлар назарына сондай-ақ қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінде құжаттарды ғылыми консервациялау зертханасы, қалпына келтіру-түптеу секторы, сондай-ақ жазба ескерткіштерді консервациялау және қалпына келтіру мектебі ұсынылды.

Бөлісу