Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Динар Нөкетаева ЕҚЫҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі форумына қатысты

16.03.2021 0

Сенатор Динар Нөкетаева "Бейбітшілікті, сенім мен қауіпсіздікті нығайтудағы әйелдердің рөлі" тақырыбы бойынша өткен Орталық Азия форумының жұмысына онлайн түрінде қатысты. Шараны ЕҚЫҰ-ның Ашхабад қаласындағы Орталығы ЕҚЫҰ Гендерлік мәселелер жөніндегі бағдарламасының Хатшылығы мен Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның қолдауымен ұйымдастырды.

Форумда үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ауғанстан елдерінің гендерлік мәселелер жөніндегі сарапшылары бас қосты.

Шараға қатысушылар гендерлік саясатқа, атап айтқанда әйелдер мен қыздардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен азаматтық қоғамның барлық деңгейлеріндегі гендерлік теңгерімге қол жеткізуге қатысты маңызды тақырыптарды қозғады. Сондай-ақ бейбітшілікті нығайту және тұрақты даму үдерістеріндегі әйелдердің рөлі талқыланды.

Бөлісу