Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар тұрғын үй құрылысына және аулаларды абаттандыру жұмыстарына бақылау жүргізді.

05.05.2021 0

2021 ж. 5 мамырда Сенаторлар Динар Нөкетаева, Бақытжан Жұмағұлов, Ләззат Сүлеймен, Нұртөре Жүсіп және Сұлтанбек Мәкежанов Алматы облысының Қапшағай қаласына барып, өңірдің экономикалық даму деңгейімен танысты.

Нақты айтқанда, депутаттар жалға берілетін 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізді. Бұл нысанның құрылысы биылғы мамырдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар сенаторлар аулаларды абаттандыру жұмыстарына назар аударды. Қала басшылығының мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қапшағайдағы 125 ауланың 65 пайызы жаңғыртылған. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 100 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

«Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық өсу қарқыны көңіл қуантады. Өңірде тек туризм саласын ғана емес, өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығын дамытуға да зор мүмкіндік бар», – деді сенатор Динар Нөкетаева.

Бөлісу