Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ү.ж. 5 тамызда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Динар Нөкетаева мен Нұртөре Жүсіп жұмыс сапары аясында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында болды.

05.08.2021 0

Сенаторлар Динар Нөкетаева мен Нұртөре Жүсіп жұмыс сапары аясында Қарағанды облысының Балқаш қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында болды.

«Артектің» аналогы бойынша құрылған балаларға білім беру және сауықтыру қызметтерін ұсынатын негізгі мекемелердің бірі «Балдәурен» РОСО (бұдан әрі - Орталық) болып табылады.

2002 жылдан бастап Орталықта 10-15 жас аралығындағы 100 мыңнан астам оқушы білім алып, денсаулықтарын түзеді.

Орталықтың Түркістан облысы мен Қапшағай, Балқаш қалаларында орналасқан 3 филиалы бар. 

Орталық балаларға олардың қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен секциялар таңдауды ұсынады. Бағыттардың, үйірмелердің, спорт секцияларының, отрядтық және ұжымдық-шығармашылық істердің әртүрлілігі балалардың жеке де, ұжымдық та шығармашылық, ұйымдастырушылық, зияткерлік және басқа да қабілеттерін анықтау және дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды.

Сенаторлар бүгінгі кездесуде көтерілген барлық мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіліп, депутаттық корпустың ерекше бақылауында болатынына сендірді.

Бөлісу