Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Комитет отырысында қаралды.

09.12.2020 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы:

ветеринария саласындағы қызметті одан әрі жетілдіру;

ветеринария саласындағы құқықтық реттеуде олқылықтарды, қайшылықтарды және коллизияларды жою;

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді іссапарға жіберу тәртібін айқындау;

ветеринариялық паспорт жүргізуді электрондық нысанға көшіру;

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде фото-бейне түсірілімдерді жүзеге асыру және техникалық құралдарды пайдалану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында әзірленген.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдардың туындауына әкеп соқпайды және бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Бөлісу