Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Комитет отырысында қаралды.

30.03.2021 0

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы

 

2019 жылғы 22 қарашада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары қол қойған келісіммен ЕАЭО-ға бағалы металдар мен асыл тастардың айналысы үшін жағдайлар жасалады, ЕАЭО шеңберінде осы саладағы ынтымақтастықтың негіздері қалыптастырылуда.

Ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өндіру сәтінен бастап дайын өнімді өткізуге дейінгі бүкіл айналым тізбегі бойынша бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындайды. Келісімнің ережелері сондай-ақ жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды және жеке тұлғалардың бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру жөніндегі құқықтық қатынастарды, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік мәселелерін реттейді.

Бөлісу