Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Комитет отырысында қаралды.

20.01.2021 0

Заң жобасының мақсаты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Сербия Республикасы арасында өзара сауданы жақсарту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Заң жобасының негізгі міндеттері алып қою тауарларынан басқа, ЕАЭО елдеріне Сербия Республикасынан және Сербия Республикасына ЕАЭО елдерінен тауарлар әкелу кезінде әкелу кедендік баждарын алып тастау, сондай-ақ бірқатар тауарларды бажсыз әкелуге квота беру болып табылады.

Келісімді ратификациялау Сербия Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарды жақсартуға және тауар айналымын ұлғайту үшін алғышарттар жасауға әкеледі.

Бөлісу