Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Комитет отырысында қаралды.

16.06.2021 0

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының 4 Кодексіне және 5 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және Жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің нәтижелері бойынша әзірленді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеу мәселелері бойынша жер заңнамасын жетілдіруге және жерлерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған. Заң жобасының жекелеген нормалары телерадио хабарларын тарату саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі кейбір мәселелерді реттеуге де бағытталған.

Бөлісу