Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Халықаралық қызметі

20.09.2018 0

20 қыркүйек – Вестминстер қорының демократия бағдарламасының директоры Девин О'Шонесси және Ұлыбритания парламенті қауымдар палатасының Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша парламенттік тобының хатшысы Мохаммад Реза-Табризидің қатысуымен Сенатта өткен кездесуінде болды.

Кездесу барысында Қазақстан Парламентінің жұмысын зерделеу жобасы аясында Қормен өзара байланыс келешегі талқыланды.

Ж. Нұрғалиев қонақтарға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заңнамалық қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді және Қормен ынтымақтастық Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы парламентаралық байланыстарға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, бюджетті жоспарлау, салық салу, ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу, ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру, жаңартылатын энергия көздері және т.б. салаларда заңнамалық реттеу тәжірибесін зерделеу өзара тиімді болады.

 

Бөлісу