Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы»

10.11.2020 0

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді  ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша сөз сөйлеу

 

 

  Аталған Келісім – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығын тереңдетудің нәтижесі.

Келісім жобасының негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып, өз азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттеу.

Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға қатысушы елдердің азаматтары ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердегі еңбек қызметі шеңберінде алған зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру құқығына ие болады.

Бұл дегеніміз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде Еңбек етушілердің олар еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы болады дегенді білдіреді.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша барлық сұрақтар бойынша Қазақстан және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтары БЖЗҚ-ға тікелей хабарласып біле алады.

ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің еңбекшілерінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады, өйткені олар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтармен және шетелдіктермен тең жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда БЖЗҚ-ға МЗЖ аударады.

ЕАЭО азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін шешу олардың басқа мемлекеттерде еңбек етуі кезінде қазіргі құқықтық кедергіні реттеуге мүмкіндік береді және еңбек қызметін заңдастыру үшін қосымша ынталандыру болады.

Заң жобасы қабылдау жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар күтілмейді .

Баяндалғанды ескере отырып, Құрметті әріптестер, осы заң жобасын қолдауды ұсынамын.

 

 

Бөлісу