Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы »

22.12.2020 0

Депутат Н. Н. Нұрсипатовтың 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы »  Заң жобасы бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысындағы баяндамасының тезистері

2020 ж. 22 желтоқсан

 

Осы Келісім   2017 жылғы 15 қаңтарда Абу Даби қаласында қол қойылды. Ратификация Қазақстан мен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру және дипломатиялық қатынастарды дамытуды көздейді.

Заң жобасының мақсаты келісімді ратификациялау болып табылады, оған сәйкес жер учаскелері жоғарыда аталған мемлекеттердің астаналарында олардың дипломатиялық өкілдіктерінің қажеттіліктері үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарында өзара түсіністік қағидатына сәйкес беріледі.

Осы мақсатта жер учаскелері кейіннен осындай мерзімге ұзартыла отырып, 49 жылға беріледі.

Келісімде жер пайдаланудың, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес оларға берілетін жер учаскелерінде елшіліктердің ғимараттары мен құрылыстарын салудың шарттары, тәртібі айтылады, бұдан басқа екі тарап бір-біріне коммуналдық құрылыстарға барлық қажетті қосылуларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді.

Қабылданатын ратификация екі мемлекет арасындағы дәстүрлі, достық қатынастарды нығайтады, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің болуы мен жұмыс істеуінің тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге ықпал етеді, Қазақстан Республикасының Таяу Шығыс өңіріндегі маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі болады.

Сенаттың тұрақты комитеттерінде осы Заң жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.

Баяндалғанды ескере отырып, құрметті әріптестер, қаралып отырған заң жобасын мақұлдап, оны Парламент Сенатының отырысына енгізуді ұсынамын.

 

 

 

 

Бөлісу