Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы

04.02.2021 0

"Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қолдау сөздер

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша

Каспий теңізіндегі»

 

Құрметті әріптестер, қаралып отырған заң жобасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған үлкен жұмысты аяқтайтын кезеңдерінің бірі әрі Каспий теңізін ұжымдық қолданудың нақты ережелерін орнатудағы дипломатиялық қызметіміз болып табылады. Бұл - Каспий теңізіндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық барлық іс-әрекетке қатысты, яғни оны тек қана бейбіт жағдайда қолдануға кепілдік беретін айқын регламенттеу.  

Заң жобасы біріккен серіктестік әрекеттерге қажетті құқықтық негіз қалыптастырады, соның ішінде экология және Каспийдің биоресурстарын сақтау, браконьерлікпен, сонымен қатар терроризммен күрес және Каспий теңізіндегі қақтығыстардың алдын алудағы өзара байланыс. Балық аулау аймақтары режимін сақтауды бақылау жөніндегі мемлекеттік өкілетті органдардың өкілеттіктері және аталған аймақта браконьерлік жағдайлардың өршіп тұрған кезінде зерттеу жұмыстарын жүргізуді енгізу нақты белгіленеді.

Заң жобасы қажет, өміршең әрі оны қабылдау Каспий маңы елдерімен өзара тиімді ынтымақтастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтереді.

Құрметті әріптестер, аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

  

 

Бөлісу