Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«ҚР-ның шекара саясаты – нормативтік құқықтық реттеудің жай-күйі мен перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

02.04.2021 0

     Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді, оның барысында сенаторлар Н. Нұрсипатов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сұрақ қойды:

 

Осы күнге дейін мемлекеттік шекарадан өту кезінде кептелістер мәселесі өзекті болып қалуда (жеке тұлғалармен қатар көлік құралдарымен де) және бұған бірнеше себептер бар.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың қараша айында біздің Комитет шекаралық өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша кеңейтілген отырыс өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша біз осы мәселенің іске асырылу барысын бақылауды жалғастыруға келіскен едік.

Оның үстіне, соңғы бес айда шекарадағы кептеліс фактілері бойынша оқиғалардың жиілігі бұл мәселені қайтадан көтеруге мәжбүрлеп отыр. Әрбір жағдайда уәкілетті органдар кептелістің жаңа себептерін ақтап алып, дәлелдерін келтіреді.

Өздеріңіз түсінгендей, мұндай жағдай елдің көлік-логистикалық, транзиттік әлеуетін дамытуға, ірі мемлекеттік жобаларды, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға айтарлықтай кедергі болып отыр. Сондай-ақ елдің инвестициялық және туристік тартымдылығын қалыптастыруға теріс әсер етеді, бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың көбеюіне де әкеледі.

 

Сұрақ: Уәкілетті органдардан естігім келеді – бұл мәселені күн тәртібінен қашан алып тастауға болады? Неліктен жағдай жақсы жаққа өзгермей отыр? Шекарада пайда болған кептелістер үшін нақты кім жауап береді?

 


 

Бөлісу