Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы"

05.10.2021 0

 "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына

қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен)

 байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы"

 

    Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің бірлескен (Біріккен) байланыс жүйесі туралы  Келісім осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері байланыс жүйелерінің, Мемлекеттік байланыс желілерінің қолда бар ресурсын неғұрлым толық пайдалануды ескере отырып, басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қарулы Күштердің байланыс жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін қабылданды.

     Және, келісімді ратификациялау міндеттеріне сондай-ақ:

- байланыс кешендері мен құралдарын біріздендіру және стандарттау;

- нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру және жетілдіру;

- мемлекеттердің қарулы күштерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және өзге де жұмыстарды бірлесіп орындау жатады.

     Ұйымдық-техникалық құрылымды қалыптастыру, бірлескен байланыс жүйесін құру және оның жұмыс істеу қағидаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңесі бекітетін Ережемен айқындалады.

       Комитеттен заң жобасын қолдауды сұраймын.

 

 

 

 

Бөлісу