Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының отырысы

18.11.2021 0

 

 
Сенатор Н. Нұрсипатов ҚР ИИДМ министрі Б.Атамқұловқа сұрақ қойды:

 

Үш жылдық бюджетте келесі жылға мемлекеттік шекарадардағы өткізу пункттерінің құрылысы мен оларды қайта жаңғырту жұмыстарына 487 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан-Ресей шекарасында ғана қазіргі 30 өткізу пунктінің 27-ін кезең-кезеңмен қайта жаңарту жоспарланған, бұл үшін сарапшылардың есептеуі бойынша кемінде 5 млрд теңге қажет.

Басқаша айтқанда, қажетті соманың тек 10 пайызы бөлінді, яғни мәлімделген жоспарлардан бірнеше есе артта қалушылық бар, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік шекарада көптеген қиындық тудырады.

      Мысалы, қазан айының соңында Қазақстан-Ресей шекарасында 8 км-лік кептеліс пайда болды, оны еңсеруге жүк тасымалдаушылар бір тәулік уақыт жұмсады! Бұл дегеніміз – кәсіпкерлердің келісімшарттық міндеттемелерінің және азық-түлік өнімдерінің  бұзылуы, т. б. проблемаларға әкелді.

Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен бұл мәселені қашан және қалай шешетініңізді хабарлауды сұраймын!

Өткізу пункттерін салу және реконструкциялау кезінде үлгілік жобаларды пайдалануды жоспарлап отырсыз ба, бұл туралы менің әріптестерім бұрын ұсынған болатын?

Бөлісу