Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚРЗ қосымша баяндамасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы»

25.11.2021 0

 ҚРЗ қосымша баяндамасы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы»

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

2021 жылғы 17 сәуірдегі Тәжікстан Республикасымен өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының 2020 жылғы Тәжікстан Республикасының Президентімен кездесуінің қорытындылары жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін ұсынылды.

Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясатының тұжырымдамасына сәйкес өңірлік дипломатияның басымдықтарының бірі ТМД мемлекеттерімен қауіпсіздік және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жасау саласындағы өзара іс-қимыл болып табылады.

Осылайша, сыртқы саясат тұжырымдамасының ережелерін, Тәжікстанмен стратегиялық әріптестікті, сондай-ақ өтеусіз негізде әскери-техникалық көмек көрсетудің қалыптасқан практикасын назарға ала отырып, заң жобасын қабылдаудың негізділігі мен өзектілігі деңгейі жоғары деп бағаланады

  • Заң жобасын қолдау ұсынылады.
Бөлісу