Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор О. Перепечина Солтүстік Қазақстанда жұртшылықпен кездесті

08.01.2018 0

Сенатор О. Перепечина Солтүстік Қазақстанда жұртшылықпен кездесті

Парламент Сенатының депутаты О. Перепечина Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы 183 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Есіл су» бөлімшесінде болды. Кәсіпорын қызмет көрсететін аймақтағы 2920 шақырым су құбырының басым көпшілігінде апаттық жағдай орын алып отыр. Жалпы ұзындығы 1800 шақырым болатын құбыр бөліктеріне жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 48 миллиард теңге бөлу керек. Кәсіпорын басшылығы су құбырын жаңартуға республикалық бюджеттен қаржы бөлуге көмектесу үшін сенаторға өтініш айтты. О. Перепечина сондай-ақ Петропавл қаласындағы Машина жасау колледжінің ұжымымен де кездесті. Оқу мекемесінде дуалдық жүйе негізінде білікті мамандар даярлау жөніндегі жоба табысты жүзеге асып келеді. Бұл жоба Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы төртінші басымдықты іске асыруға – адам капиталы сапасын жақсартуға бағытталған. Дуалдық оқытуды енгізу жөніндегі негізгі кәсіпорындар ретінде Петропавл ауыр машина жасау зауыты белгіленіп, онда дара оқыту орындары ұйымдастырылды, сондай-ақ оқу кабинеттері ашылды. Аймақтағы «Қазмұнайгазмаш», «ЗМО», «Основание», «Прометей», «Ремплазма», «СолтүстікЭнергоЖөндеу» және басқа да кәсіпорындар колледждің әлеуметтік әріптесі болып табылады. Оқу орны түлектері 70 пайызының жұмысқа орналасуы дуалдық жүйенің тиімділігін дәлелдеп отыр. 
_________________________________________________________
Сенат
Ақпарат көзі: 
http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/35524
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Бөлісу