Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Ольга Перепечина ДСҰ мәселелері бойынша семинарға қатысты

03.12.2019 0

Сенатор Ольга Перепечина ДСҰ мәселелері бойынша семинарға қатысты

Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина «Көпжақты келіссөздер орталығы» дүниежүзілік экономикалық форумының Женева қаласындағы штаб-пәтері алаңында Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.

Шараға қатысушылар семинар барысында халықаралық сарапшылардың, ДСҰ қызметкерлерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың қызметкерлерінің, ДСҰ жанындағы елдердің тұрақты өкілдерінің ұсынымдарымен танысуға және көпжақты уағдаластықтарды келісу жөніндегі халықаралық кеңестерді өткізу ісінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

ДСҰ 12-ші министрлік конференциясын Нұр-Сұлтанда қабылдайтын ел ретінде отырыстың маңызды қорытындыларын қамтамасыз ету мақсатында с  еминарға қатысу Қазақстанның стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге жәрдемдеседі.

Бөлісу