Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялады

20.12.2019 0

Сенатта ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов таныстырды. Ол өз сөзінде құжатты ратификациялау банк, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету секторларында қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды өзара мойындауды қамтамасыз етуге ықпал ететінін, сондай-ақ одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кемсітусіз қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Келісімнің маңызына тоқтала келіп, Қазақстан экономикасын әлемдік нарықтардағы жағымсыз үдерістерден қорғауды күшейтетінін жеткізді.

«Одан басқа, бұл қаржы қызметтеріне қолжетімділікті арттыруға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге, отандық қызмет көрсетушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі», - деді сенатор.

Талқылауға қатысқан сенатор Еділ Мамытбеков Келісімде белгіленген мерзім нормативтік-құқықтық база мен қаржы нарығы құралдарын үйлестіруге жету-жетпеуіне орай алаңдаушылық білдірді.  

«Отандық мекемелерден әлдеқайда күшті ресейлік және шетелдік жай ғана банктер мен өзге де қаржы мекемелері ғана емес, қаржы технологиясындағы инновациялық құралдарымен қаруланған ұйымдар келетін болады. Егер біз қайта лайықталып үлгермей қалсақ, олар одақтың жалпы қаржы нарығы туралы айтпағанда, біздің қаржы алаңымыздағы бәсекеге қабілетті отандық несиелік және өзге де мекемелерге мүмкіндік қалдырмайды», - деді сенатор.

Парламент жоғарғы палатасының Төрағасы Д.Назарбаева сенатордың сақтануымен келісе отырып, «қаржы қызметін тұтынушыларға бәсекелестік пайдасын тигізетінін, «отандық банктерді ілгерілеуге мәжбүрлейтінін» атап өтті.

Бөлісу