Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Армения мен Қырғызстанның кедендік төлемдерін ЕАЭО мөлшерлемелеріне интеграциялау туралы заң жобаларын қарады

28.04.2021 0

Бүгін Сенатта Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Депутаттар  «Армения Республикасының 2014 жылғы 29 мамырда 2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа енуі  туралы келісіміне Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасына енгізілген жекелеген халықаралық шарттарды қолданудың шарттары мен өтпелі ережелері туралы хаттаманы ратификациялау,Еуразиялық экономикалық одақ органдарының Қырғыз Республикасының 2015 жылғы 8 мамырдағы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты актілері» заң жобаларын қарады.

Осы заң жобалары Армения мен Қырғызстандағы кедендік баждардың ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларына сай біртіндеп интеграциялануына бағытталған.

Осыған байланысты, аса сезімтал тауарларға қатысты ЕАЭО тарифтері толық үйлесуі үшін екі мемлекеттің өтпелі кезеңі 1 жылға ұзартылады.

Заң жобалары екі елдің ЕАЭО аясындағы сауда-экономикалық қатынастарын жақсартады.

Бөлісу