Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылғы қаңтар

26.01.2018 0

Парламент Сенатының депутаты Н. Төреғалиевтің 2018 жылғы

3-12 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша

іс-сапары туралы ақпарат

 

        

         Комитет мүшесі Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы бойынша іс-сапарының шеңберінде аудандарда 6 кездесу және Орал қаласында 1 кездесу өткізді.

Орал қаласында депутат ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, шұжық және ет тағамдарын өндірумен айналысатын "Жайық-ет" ЕӨК ЖШС   ұжымымен кездесті.

         Кездесуде Салық кодексінің жаңалықтары мен 2017 жылдың екінші жартыжылдығында Парламент қабылдаған неғұрлым маңызды заңдардың негізгі ережелері талқыланды.

         Облыс аудандарында депутат ақсақалдармен, аудандар басшыларымен, аудандық мәслихат депутаттарымен, ауылдық әкімдермен, ұйымдар басшыларымен, кәсіпкерлермен, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен және жастармен кездесті.

Шыңғырлау ауданында «Шыңғырлау – Сегізсай» автожолын жөндеу, Ащысай ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, кейбір ауылдарда ұялы байланыстың болмауы және тағы басқа мәселелер көтерілді.

Аудандарда нормативтік құқықтық актілердің тіркелу тәртібін оңайлату бөлігінде қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар айтылды.

Бөрлі ауданында кездесуге қатысушылар газөңдеу зауытын салу туралы, Подстепное-Илек тасжолының жөндеу жұмысына қаражат бөлу туралы, бала зорлығына қатысты заңнаманы күшейту туралы мәселелерді көтерді.

Қаратөбе ауданында тұрғындардың тарапынан жанар-жағармай бағасының жоғары болуы, интернет желісі жылдамдығының жалпы аудан бойынша нашар болуы проблемалары көтеріліп, Ақтөбе облысына Қаратөбе ауылынан Жусандой, Ханкөл елді-мекендері арқылы халықаралық маңызы бар қатты табанды асфальтталған тасжолын салу мүмкіндігін қарастыру мәселесі аталып өтті.

Сырым ауданында интернет желісімен қамтамасыз ету, мектептерде барлық оқушыларға, яғни 11 сыныпқа дейін тегін тамақ беру, Қосаба мәдениет үйін жөндеу туралы мәселелер туындады.

Тасқала ауданында кездесуге қатысушылар қоғамдық кеңестердің жұмысын қаржыландыру, ауыз сумен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері аталып өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру шеңберінде депутат Нариман Төреғалиев Ақжайық ауданының аудандық ауруханасының қызметкерлерімен, мұғалімдермен, жастармен және Чапаев ауылы мектебінің оқушыларымен кездесті.

Қызу әңгімелес барысында сенатор кездесуге қатысушылармен Жолдаудың негізгі ережелерін талқылады.

Атап айтқанда, депутат еліміздің тәуелсіздік жылдар бойы жеткен жетістіктері туралы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі бойынша жасалып жатқан жұмыс бойынша, индустриаландыру, ресурстық әлеуетті және агроөнеркәсптік кешенді одан әрі дамыту туралы баяндап, қатысушылардың әлеуметтік блок бойынша, соның ішінде Жолдауда көтеріліп отырған мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.

Сонымен бірге, кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету, кооперативтер құру, бала бағу үшін жәрдемақыға қатысты, медициналық тексеру мен коммуналдық қызметтердің бағалары туралы, интернетпен қамтамасыз ету туралы мәселелер көтерілді.

Депутаттың Батыс Қазақстан облысы бойынша іс-сапары аумақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жарияланды.

Атап айтқанда, «Өрал өңірі», «Қаратөбе өңірі», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын» газеттерінде, аудандық әкімдіктердің интернет-ресурстарында және Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.

 

Бөлісу