Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылғы қазан

22.10.2018 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н. Төреғалиев әріптестері Б.Әйтімовамен және Е. Мұқаевпен бірлесіп Батыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарын аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Сенаторлар іс-сапарын 15 қазанда Орал қаласында облыс әкімімен кездесуден бастап, өңірде Жолдауды жариялау кезінде берген тапсырмаларын уақтылы әрі толық орындалу жоспарын талқылады.

Кейін, Орал қаласы әкімдігінің ғимаратында 110-ға жуық адам жиналған қала активімен кездесіп, Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіріп, кездесуге келген азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуден соң депутаттар мемелекеттік-жекешелік серіктестік  бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер құрылысымен және дарынды балаларға арналған облыстық спорт интернатының құрылысымен танысты.

Орал қаласында депутаттардың Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жұмысы қалалық Мұнай, газ және салалық технологиялар коледжінің мүғалімдерімен және студенттерімен кездесумен аяқталды.

16 қазанда Қазталов ауданында аудан активтерімен кездесіп, тұрғындармен Президенттің бастамаларын талқылады. Кездесуге 80 адам жиналды; Ақпәтер ауылында Киров-Шежін су арнасын қайта құру барысымен танысты; Жалпақтал ауылында көппәтерлі тұрғын үй алаңының құрылысын, білім беру объектілерін, аудандық аурухананы аралап, бюджеттік саланың қызметкерлерімен кездесті.

17 қазанда Теректі ауданында Еңбек ауылының Мәдениет үйінің ғимаратында аудан активімен кездесті. Кездесуге 100 адам қатысты.

Сондай-ақ, ауданның Ақжайық ауылында «Жайық-Шалқар» су сору станциясында, «Айгөлек» балабақшасында, ауруханада, Ақжайық мектебінде, мәдениет үйінде болып, ауылдың тұрмыс тіршілігімен танысты.

Бұдан бөлек, сенаторлар Долинное ауылында орналасқан Тоқсай ханшайымы кесенесінде болды.

Сонымен қатар, Н. Төреғалиев Орал қаласында «Aqjaiyq» телеарнасына Жолдаудың негізгі сәттері бойынша сұхбат берді.

18 қазанда Сенат депутаттары Зеленов ауданының Переметное ауылында «Sayat» этно-туристік орталығында спортшылармен, аудан жастары және ұстаздармен кездесу өткізіп (70 адам), Елбасының халыққа Жолдауының шеңберінде ұсынған шараларды талқылап, кездесуге келген азаматтармен тіл алысты.

Кездесуден кейін, депутаттар Аудандық тарихи-өлкетану мұражайына барып, оның қызметімен танысып шықты.

 

Бөлісу