Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы

29.03.2021 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында 10 заңға 31 түзету бар, олар:

1) қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және проблемалық берешекті сотқа дейін реттеудің міндетті тәртібін енгізу жолымен кредиторлардың жауапкершілігін арттыруға;

2) азаматтардың тұтынушылық кредиттер бойынша борыш жүктемесінің өсуіне жол бермеуге;

3) коллекторлық ұйымдардың жосықсыз әрекеттеріне жол бермеуге;

4) кредиттік тарихы жағымсыз азаматтарды оңалтуға;

5) МҚҰ және коллекторлық агенттіктердің қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған.

Бөлісу