Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

30.03.2021 0

 

Тыңдауға дайындық аясында бірқатар министрліктер мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, қоғам мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен 10-ға жуық кездесулер мен отырыстар өткізілді. Онда Қазақ тілінің қоғамдағы рөлін күшейту және оның қолданыс аясын кеңейту, білім беруді реформалау, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды цифрландыру, сонымен қатар жастар арасында патриоттық және рухани, ұлттық бірегейлікті нығайту идеяларын насихаттау мәселелері қаралды.

Тыңдаудың қорытындысы бойынша арнайы Ұсынымдардың жобасы дайындалды. Соған сәйкес сенаторлар тіл саясаты жөніндегі қолданыстағы бағдарламалық құжаттарға толықтырулар енгізуді ұсынып отыр. Соның аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар мен мекемелерде және мектепке дейінгі білім ордаларында мемлекеттік тілді толыққанды қолдану ұсынылған.

Аталған Ұсынымдар барлық қатысушының ұсыныс-пікірлері негізінде тағы да толықтырылып, Үкіметке және тиісті министрліктерге жіберіледі.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, министрліктер мен мемлекеттік органдардың басшылары, ғалымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, өңірлерден бірқатар қоғам қайраткері бейне байланыс арқылы қосылды.

Парламенттік тыңдауды Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Нариман Төреғалиев жүргізді.

 

Бөлісу