Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары

22.04.2021 0

«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» негізгі Заң жобасында «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ және өзге де ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуын реттеу ұсынылады.

Заң жобасында сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер, сатып алуды жоспарлау қағидалары, әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары айқындалған.

Сатып алу процесін нақтылайтын нормаларды ережелер деңгейінде реттеу ұсынылады.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы қолданыстағы заңнаманы «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» ҚР Заңының жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді және ҚР «Кәсіпкерлік кодексіне» және «Төтенше жағдай туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Бөлісу