Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылға 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Паралменті Сенатының жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (маслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.

25.01.2018 0

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Алдарыңыздағы  қаралып отырған  Хаттаманың мақсаты ақпарат алмастыру арқылы екі мемлекеттің салық органдарының ынтымақтастығын дамыту және  Конвенцияның жекелеген ережелерін қайта қарастыру, сонымен қатар, қазақстандық салықтардың атауларын нақтылау болып табылады.

Еліміздің экономикасының дамуы компанияларға бірнеше ел арасында бизнес жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.  Шетелдік ұйымдардың қосарланған салық салуы бір елдің резиденті басқа елден табыс алған жағдайда болдаы. Бұл жағдайда салық екі рет төленеді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін міндетті түрде халықаралық келісімдер қабылдау қажеттігі туындайды.

Бүгінде, Қазақстан мен Үндістан Республикасы арасында екіжақты қарым-қатынастар теңқұқылы әріптестік, өзара құрмет негізінде қалыптасқан. Дипломатиялық қатынастар 1992 жылдан бастап орнатылған.

Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманы қабылдау екі елдің сауда-экономикалық, қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға бағытталған.

 

Елбасы биылғы  Жолдауында  «Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын атап өтті.

 Сондықтан, төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңындағы, елімізді одан әрі дамыту жолында сапалы заңнамалық  қамтамасыз ету  маңызды  рөл атқарады.      

         Талқыланып отырған Конвенцияны іске асыру арқылы елімізге  инвестициялар тартуға  тікелей ықпал  ететіні  және жаңа мүмкіндіктер беретіні анық.

Құрметті әріптестер! «1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі  арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты  салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын  қолдауға шақырамын.

 

                                        Назарларыңызға рахмет!

.

 

Бөлісу