Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сұхбат.Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/229984-senatorlar-astana-kh-o-zh-mysymen-tanysty

28.03.2018 0

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/229984-senatorlar-astana-kh-o-zh-mysymen-tanysty

Сенаторлар «Астана» ХҚО жұмысымен танысты 28.03.2018, 15:14 54 Сенат депутаттары бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты. Ұйым басқарушысы Қайрат Келімбетов алда тұрған мақсат-міндеттер жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, орталық елімізде бұрын-соңды болмаған экономикалық бағыттарға бет бұрып, әлемнің озық компанияларымен ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде көптеген беделді банктер ұйым қызметіне қызығушылық танытуда екен. Парламент депутаттары ол үшін қажетті заңнаманы одан әрі жетілдіруге дайын екендігін жеткізді. Бақтыбай Шелпеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: - Осы үлкен жоба арқылы елімізге инвестиция тарту ойластырылған. Және қазіргі таңдағы қаржы саласын жоғары деңгейге дейін дамыту қарастырылған. Парламент тарапынан осы орталыққа қатысты тиісті заңдар толығымен қабылданды. Негізгі мәселе Парламент тарапынан тағы қандай мәселелер қажет, тағы да осыған қатысты заңдар енгізу мүмкін бе? Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы: - Биыл шілде айында біз «Астана» қаржы орталығын бүкіл әлемге ресми түрде таныстырамыз. Бұл шара ұйым дамуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз. Жыл соңына дейін бізге бірқатар павильон беріледі. Сонда жұмыс қарқыны одан әрі артуы тиіс.

Источник: 
http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/229984-senatorlar-astana-kh-o-zh-mysymen-tanysty
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Бөлісу